Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей елшілігі ресейлік бапкердің олқылығына қатысты пікір білдірді (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Футбол медиалигасы
Футбол медиалигасы. Видеодан кадр: instagram.com/alash_ruhi

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі Қостанайдағы футбол алаңында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді – ресейлік бапкер қазақстандық төрешіні балағаттаған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстан мен Ресейдің SD Family және 2Drots футбол командалары арасында туындаған жанжалдың видеосы пайда болды. Аталған видео Медиафутбол лигасы аясындағы матч кезінде түсірілген.

Жазбаның сипаттамасына сүйенсек, видео Қазақстан мен Ресей құрамалары арасындағы Қостанайда өткен матч кезінде түсірілген. Матч барысында Ресей құрамасының бапкері Дмитрий Кузнецов қазақстандық төрешінің шешіміне көңілі толмайтынын айтып, оны "чукча" деп атаған. Сондай-ақ видеода әріптесінің айтқанына қосылған тағы бір белгісіз адам: "Рас қой, өз ұлтын мақтан тұтсын" деп айтқаны естіледі.

Аталған жайт қазақстандықтардың наразылығын тудырды – олар ресейлік жаттықтырушы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жауапқа тартылғанын талап етті.

Жайтқа байланысты Ресейдің Қазақстандағы елшілігі пікір білдірді. Хабарлама ведомствоның Telegram арнасында жарияланған.

"Жергілікті блогосферада ресейлік "2Drots" медиалигасы футбол командасының жаттықтырушысы қазақстандық төрешілерге қатысты ар-ожданын қорлайтын сөздер айтқаны түсірілген видеоматериалға қатысты айтсақ, біз мұндай әрекетке мүлдем жол бермейтінімізді хабарлаймыз.

Сонымен қатар белгілі бір ресурстарда ресейліктердің қазақстандықтарға қатысты мұндай репрезентативті риторикасы жайлы айтылған көзқарас шындыққа сәйкес келмейді деп ойлаймыз.

Ресейлік Медиалига командаларының бапкерлерінде ешбір ресми мәртебе жоқ, сондықтан олардың олқылықтарын ресейліктердің ұстанымы деп тануға болмайды", – делінген хабарламада.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдепті сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2058921-resei-elsiligi-qazaqstandyq-sudyanyn-olqylygyna-qatysty-pikir-bildirdi/