jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Бешікташ" Бахтиер Зайнутдиновтің позициясына АПЛ-де ойнаған футболшы сатып алды

    Джо Уоррел
    Джо Уоррел. Фото: instagram/besiktas

    Түркиялық "Бешікташ" футбол клубы ағылшын Премьер лигасында ойнайтын "Ноттингем Форестің" орталық қорғаушысын сатып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Бешікташтың" Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Түркия Суперлигасының 3-орнында тұрған "Бешікташ" англиялық "Ноттингем Форестте" өнер көрсеткен қорғаушы Джо Уоррелды 2024 жылдың жазына дейін жалға алды.

    27 жастағы Джо осыған дейін "Ноттингем Форест", "Дагенхэм" және "Рейнджерс" футбол клубтарында өнер көрсеткен. Transfermarkt порталы футболшының трансфер нарығындағы құнын 12 миллион еуроға бағалап отыр. Уоррел – Англия жастар құрамасы сапында да доп тепкен тәжірибелі қорғаушы.

    Еске салайық, түркиялық "Бешікташ" футбол клубының бапкері Фернанду Сантуш қазақстандық ойыншы Бахтиер Зайнутдиновтің алаңдағы позициясына қатысты пікір айтқан еді. Бапкер керек болса, Бахтиерды қақпаға да тұрғызамын деді.

    "Бешікташ" Бахтиер Зайнутдиновтің позициясына АПЛ-де ойнаған футболшы сатып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.