jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Армандар орындалады": Магомед Адиев ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне блогерді қосты

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев кеңейтілген тізімге блогер, бұрынғы футболшы Дидар Сыдықбекті қосқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Магомед Адиевтің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев команданың алдағы ойындарына арналған кеңейтілген тізімге блогер, бұрынғы футболшы Дидар Сыдықбекті қосқанын мәлімдеді.

    "Досым, туған күнің құтты болсын! Сенің ойыныңды көріп жүрмін. Тіпті соңғы кездері гол соғып жүр екенсің. Сол себепті сен кеңейтілген тізімге ендің! P.s. Армандар орындалады", – деді Магомед Адиев.

    Магомед Адиевтің Instagram stories-і
    Магомед Адиевтің Instagram stories-і. Скриншот: instagram/magomedadiev

    Дидар Сыдықбек – бұрынғы кәсіпқой футболшы. Кезінде "Ақтөбе", "Қызылжар", "Ордабасы" футбол клубтары сапында және Қазақстан жастар құрамасы қатарында өнер көрсеткен. Ал қазір жекеменшік футбол командасы бар кәсіпкер, блогер.

    "Армандар орындалады": Магомед Адиев ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне блогерді қосты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.