Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тотти, Анри, Озил және Кафу: биыл 35 жастан асқан футболшылар арасында әлем чемпионаты өтеді

Опубликовано:

Италия құрамасының бұрынғы ойыншылары
Италия құрамасының бұрынғы ойыншылары. Фото: Alessandro Sabattini/Getty Images

Биыл жазда Англияда 35 және одан да егде жастағы футболшылар арасында әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарысты ұйымдастырушы – бұрынғы футболшылар мен спорт кәсіпкерлерінен құралған Elite Players Group (EPG) компаниясы. Сол себепті турнир EPG Cup деп аталады.

Бұл бәсекеге Англия, Аргентина, Бразилия, Германия, Испания, Италия, Уругвай және Франция елдерінің құрамалары қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс ережесі бойынша 35 және одан егде жастағы, сонымен қатар құрамада ойнаған немесе жоғарғы дивизионда 100 матч өткізген футболшылар бақ сынай алады.

Әр команданың капитаны – EPG компаниясының негізін қалаушы. Олар: Стив Макманаман (Англия), Эстебан Камбиассо (Аргентина), Эмерсон (Бразилия), Кристиан Карамбе (Франция), Кевин Кураньи (Германия), Марко Матерацци (Италия), Мишель Сальгадо (Испания) және Диего Лугано (Уругвай).

Алдын ала мәлімет бойынша, EPG Cup жарысына қатысатындардың ішінде "Алтын доптың" 5 иегері бар. Атап айтқанда, Майкл Оуэн, Кака, Роналдиньо, Ривалдо және Фабио Каннаваро.

EPG Cup турниріне қатысуы мүмкін басқа да футболшылар:

Англия: Эшли Коул, Джо Коул, Дэвид Джеймс, Робби Фаулер, Рио Фердинанд, Фрэнк Лэмпард;

Бразилия: Кафу, Роберто Карлос;

Аргентина: Эрнан Креспо, Пабло Сабалета;

Германия: Месут Озил, Сами Хедира;

Испания: Давид Вилья, Карлес Пуйоль;

Италия: Франческо Тотти;

Уругвай: Диего Форлан;

Франция: Тьерри Анри и Марсель Десайи.

Матчтар әдеттегідей 11x11 форматында өтеді, бірақ ойын ұзақтығы 90 минут емес, 70 минут болады. Сондай-ақ құрамында 18 ойыншы бар командалар матч кезінде футболшыларды алмастыра алады. Ширек финал 4 және 5 маусымда, екі жартылай финал 8 маусымда өтпек. Ал финал 11 маусымға жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2059944-totti-anri-ozil-zane-kafu-biyl-35-zastan-asqan-futbolsylar-arasynda-alem-cempionaty-otedi/

pixel