Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA ұлттар лигасында қай командалармен ойнайтыны анықталды

Опубликовано:

Жеребе тарту рәсімі өткен сахна
Жеребе тарту рәсімі өткен сахна. Фото: Aurelien Meunier - UEFA/UEFA via Getty Images

Бүгін, 8 ақпанда Францияның астанасы Париж қаласында футболдан 2024/25 жылғы UEFA ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы В лигасының 3-тобында Аустрия, Норвегия, Словениямен ойнайды.

UEFA ұлттар лигасының жеребе қорытындысы:

A лигасы

1-топ: Хорватия, Португалия, Польша, Шотландия;

2-топ: Италия, Бельгия, Франция, Израиль;

3-топ: Нидерланд, Мажарстан, Германия, Босния және Герцеговина;

4-топ: Испания, Дания, Швейцария, Сербия;

B лигасы

1-топ: Чехия, Украина, Албания, Грузия;

2-топ: Англия, Финляндия, Ирландия, Грекия;

3-топ: Аустрия, Норвегия, Словения, Қазақстан;

4-топ: Уэльс, Исландия, Черногория, Түркия;

C лигасы

1-топ: Швеция, Әзербайжан, Словакия, Эстония;

2-топ: Румыния, Косово, Кипр, Литва/Гибралтар;

3-топ: Люксембург, Болгария, Солтүстік Ирландия, Белорусь;

4-топ: Армения, Фарер аралдары, Солтүстік Македония, Латвия;

D лигасы

1-топ: Литва/Гибралтар, Сан‑Марино, Лихтенштейн;

2-топ: Молдавия, Мальта, Андорра.

UEFA ұлттар лигасының топтық кезеңі 2024 жылдың қазан-қараша айлары аралығында өтеді. Ширек финал 2025 жылдың наурызында болады. Ал финал 2025 жылдың маусым айына жоспарланған.

Еске салайық, ұлттар лигасының өткен маусымының финалында Хорватия мен Испания құрамалары кездескен еді. Пенальти сериясында испаниялықтар 5:4 есебімен басым түсіп, жеңімпаз атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2059997-futboldan-qazaqstan-quramasy-uefa-ulttar-ligasynda-qai-komandalarmen-oinaityny-anyqtaldy/

pixel