jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Талаптарға сай емес": "Мақтаарал" футбол клубы ҚПЛ-дың жаңа маусымынан шеттетілді

    "Мақтаарал" футбол клубының ойыншылары
    "Мақтаарал" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/fcmaqtaaral

    Түркістандық "Мақтаарал" футбол клубына Қазақстан чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензия берілмеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футбол клубтарын лицензиялау Комиссиясы отырысының шешімі бойынша "Мақтаарал" командасына "ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесінің" талаптарын орындамағаны және ең минималды талаптарға сәйкес келмегені үшін лицензия берілмейтін болды.

    Енді "Мақтаарал" клубы 2024 жылдың 20 ақпанына дейін футболдан Бірінші немесе Екінші лига командалары арасында ҚР Біріншілігіне қатысу үшін лицензиялау процесіне шұғыл рұқсат алу рәсіміне өту үшін қатысуды растауы керек.

    ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін төмендегі клубтарға лицензия берілді:

    • 1. "Ордабасы" ФК;
    • 2. "Астана" ФК;
    • 3. "Ақтөбе" ФК;
    • 4. "Қайрат" ФК; 
    • 5. "Қызыл-Жар СК" ФК;
    • 6. "Қайсар" ФК;
    • 7. "Атырау" ФК;
    • 8. "Тобыл" ФК;
    • 9. "Шахтер" ФК;
    • 10. "Жетісу" ФК;
    • 11. "Елімай" ФК;
    • 12. "Тұран" ФК;
    • 13. "Жеңіс" ФК.

    "Талаптарға сай емес": "Мақтаарал" футбол клубы ҚПЛ-дың жаңа маусымынан шеттетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.