jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойын күнтізбесі анықталды

    Словения – Қазақстан матчы
    Словения – Қазақстан матчы. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Instagram парақшасында УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымдағы топтық кезеңде өтетін матчтар күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Турнирді қыркүйек айында өз алаңымызда Норвегиямен бастап, қарашада сырт алаңда Норвегиямен аяқтаймыз", - делінген хабарламада.

    Қазақстандықтар тұңғыш рет турнир дивизионының В лигасында өнер көрсетеді. Олардың 3-топтағы қарсыластары Аустрия, Норвегия және Словения құрамалары болмақ. Барлық команда бір-бірімен өз алаңында және сыртта бір ойыннан өткізеді. Әзірге қазақстандықтар қонақтарды қай жерде қабылдайтыны жайлы ресми ақпарат жоқ.

    Елорданың жаңа уақыты бойынша Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының 2024/25 маусымдағы ойын күнтізбесі:

    • 6 қыркүйек, 19:00. Қазақстан – Норвегия;
    • 9 қыркүйек, 23:45. Словения – Қазақстан;
    • 10 қазан, 23:45. Аустрия – Қазақстан;
    • 13 қазан, 18:00. Қазақстан – Словения;
    • 14 қараша, 20:00. Қазақстан – Аустрия;
    • 17 қараша, 22:00. Норвегия – Қазақстан.

    Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойын күнтізбесі анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.