jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Азия құрлығының ең үздік футбол командасы белгілі болды

    Футболдан Катар құрамасы
    Футболдан Катар құрамасы. Фото: instagram.com/qfa

    Футболдан Азия кубогының финалында Катар және Иордания құрамалары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ақтық бәсекеде Катар құрамасы Иорданияны 3:1 есебімен ұтып, екінші мәрте Азия кубогын иеленді. Жеңімпаз құрама сапынан Акрам Афиф пенальтиден 3 рет гол салып, хэт-трик жасады. Ал қарсылас командадан Язан Аль‑Наймат көзге түсті.

    Жарыстың үздік ойыншылары да анықталды. Катар құрамасының футболшысы Акрам Афиф үздік сұрмерген (8 гол) және ең үздік ойыншы (MVP) атанды. Ал оның командаласы Мешаал Баршам үздік қақпашы деп танылды.

    Еске салайық, Катар құрамасы 2019 жылы Азия кубогының финалында Жапонияны 1:3 есебімен ұтып, алғаш рет жеңімпаз атанған еді.

    Биыл Азия кубогы Катар мемлекетінде 12 қаңтар-10 ақпан аралығында өтті. Байрақты бәсекеге 24 құрама қатысты. Жарыстың плей-офф кезеңіне 16 команда жолдама алды. Ал ширек финалда 8 құрама ойнады. Кейін ақтық бәсекеде кездесетін командалар анықталған еді.

    Азия құрлығының ең үздік футбол командасы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.