Футболдан Африка ұлттары кубогының жеңімпазы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Жарыстың финалында Кот-д’Ивуар құрамасы Нигерияны 2:1 есебімен ұтты. Жеңімпаздар сапынан Франка Кессье мен Себастьена Алле гол салса, қарсылас командадан Уильям Троост-Эконг қақпаға дәл соққы бағыттай алды.
Осылайша Кот-д’Ивуар құрамасы тарихында үшінші рет Африка кубогын еншіледі. Ивуарлықтар 1992 және 2015 жылдары да бұл турнирде жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, Африка Ұлттары кубогы 13 қаңтар-11 ақпан аралығында Кот-д’Ивуар мемлекетінің Абиджан, Буаке, Корого, Сан-Педро, Ямусукро сияқты қалаларында өтті. Оған 24 құрама қатысты.
Жарыстың плей-офф кезеңіне 16 команда жолдама алды. Кейін ширек финалда ойнайтын жұптар белгілі болды. Жартылай финалда Нигерия мен ОАР, Кот-д'Ивуар мен Конго ДР құрамалары кездесіп, Нигерия және Кот-д'Ивуар командалары ақтық сынға өткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2060430-afrika-qurlygynyn-uzdik-futbol-komandasy-belgili-boldy/
Пікірлер жүктелуде