jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Африка құрлығының үздік футбол командасы белгілі болды

    Кот-д’Ивуар құрамасының футболшылары
    Кот-д’Ивуар құрамасының футболшылары. Фото: instagram.com/caf_online

    Футболдан Африка ұлттары кубогының жеңімпазы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жарыстың финалында Кот-д’Ивуар құрамасы Нигерияны 2:1 есебімен ұтты. Жеңімпаздар сапынан Франка Кессье мен Себастьена Алле гол салса, қарсылас командадан Уильям Троост-Эконг қақпаға дәл соққы бағыттай алды.

    Осылайша Кот-д’Ивуар құрамасы тарихында үшінші рет Африка кубогын еншіледі. Ивуарлықтар 1992 және 2015 жылдары да бұл турнирде жеңіске жеткен еді.

    Айта кетейік, Африка Ұлттары кубогы 13 қаңтар-11 ақпан аралығында Кот-д’Ивуар мемлекетінің Абиджан, Буаке, Корого, Сан-Педро, Ямусукро сияқты қалаларында өтті. Оған 24 құрама қатысты.

    Жарыстың плей-офф кезеңіне 16 команда жолдама алды. Кейін ширек финалда ойнайтын жұптар белгілі болды. Жартылай финалда Нигерия мен ОАР, Кот-д'Ивуар мен Конго ДР құрамалары кездесіп, Нигерия және Кот-д'Ивуар командалары ақтық сынға өткен еді.

    Африка құрлығының үздік футбол командасы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.