jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат" футбол клубы мәскеулік командадан ірі есеппен жеңілді

    "Қайрат" пен "Спартак" арасындағы ойын
    "Қайрат" пен "Спартак" арасындағы ойын. Фото: vk.com/public15502770

    Алматылық "Қайрат" футбол клубы РПЛ қысқы кубогының шешуші матчында Мәскеудің "Спартак" командасынан жеңілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ойын Абу-Даби қаласындағы "Аль-Нахайян" стадионында өтті. Мәскеулік команда "Қайраттың" қақпасына жауапсыз алты гол салып, жеңіске жетті. "Спартак" сапынан Квинси Промес (дубль), Александр Соболев, Антон Зиньковский, Даниил Хлусевич, Виктор Мозес гол соқты.

    Осылайша "Спартак" клубы екінші рет РПЛ қысқы кубогын жеңіп алды. Турнир кестесінде мәскеулік команда 6 ұпаймен бірінші орынға жайғасса, екінші орынға "Ростов" (6 ұпай) табан тіреді. Ал үшінші орынға "Шабаб Аль-Ахли" (3 ұпай) және соңғы орынға "Қайрат" футбол клубы (3 ұпай) орналасты. Алматылық команда бұған дейін "Шабаб Аль-Ахли" ұжымынан 2:0 есебімен ұтылса, "Ростовты" 2:1 есебімен жеңген еді.

    Айта кетейік, РПЛ қысқы кубогы Абу-Даби қаласында 2-14 ақпан аралығында өтті.

    "Қайрат" футбол клубы мәскеулік командадан ірі есеппен жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.