jitsu gif
Спорт

    Криштиану Роналду клубтық деңгейдегі 1000-матчын өткізді

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: instagram.com/сristiano

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду клубтық деңгейдегі 1000-матчын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ SportsCenter телеарнасының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Азия Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Әл-Наср" мен "Әл Фейха" клубтары кездесті. Бұл ойын "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду үшін клубтық деңгейдегі 1000-матч болды. Сондай-ақ осы кездесуде клубтық мансабындағы 746-голын салды. Матч 1:0 есебімен "Әл-Насрдың" пайдасына шешілді.

    Криштиану Роналдудың клубтық деңгейдегі матчтары мен голдары:

    1. "Реал Мадрид" сапында 438 матч, 450 гол;
    2. "Манчестер Юнайтед" сапында 346 матч, 145 гол;
    3. "Ювентус" сапында 134 матч, 101 гол;
    4. "Әл-Наср" сапында 51 матч, 45 гол;
    5. "Спортинг" cапында 31 матч, 5 гол.

    Еске салайық, Криштиану Роналду қаңтар айында кәсіби мансабындағы 1200-матчын өткізіп, әлемдік рекорд орнатқан еді. Сондай-ақ өткен жылы 54 гол соғып, үздік сұрмерген атанды.

    Криштиану Роналду клубтық деңгейдегі 1000-матчын өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.