jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    "Милан" - "Ренн": сарапшылар қос команда да гол соғатынын болжап отыр

    Parimatch
    Фото: Parimatch

    Чемпиондар лигасының өлім тобында үшінші болып оттай жанған "Милан" Еуропа Лигасын шабуылдауда. "Россонеридің" де қарсыласы ауа теуіп жүр деп айтуға келмес: кейінгі ойындарда "Ренн" жетістіктерге жетіп жүр. Parimatch сарапшылары ойыннан не күтуге болатынын айтып берді.

    "Милан"

    Мықты деп те айтуға келмейді, бірақ ауыз толтырып айтатын нәтижесі де жоқ – россонеридің жағдайын осылай сипаттауға болады. Бір жағынан, миландықтардың шағымдануына еш себеп жоқ: 3-ші орын, А Сериясында жеңіліссіз өткізген 9 матч және еврокөктемді сәтсіз өткізді деп те айта алмайсың. Екінші жағынан, скудетто туралы армандар біртіндеп сейілуде - көш бастап тұрған "Интерден" алыстауы қазірдің өзінде 8 ұпайға тең болып отыр. Оған қоса, Чемпиондар Лигасынан Пиоли командасы ұшып кетті, дегенмен әділдік үшін "ПСЖ" орнына плей-оффқа өтуі керек еді.

    Соңғы 5 ойында "россонери" дөрекі ойын көрсетіп жүр – бір ойынға орташа есеппен 2,4 сары қағаз. Ал қазір Еуропа Лигасының 1/8 бөлігіне өту сұрақ астында, сондықтан мұндағы қызу деңгейі жоғарырақ. Parimatch сарапшылары да "Милан" сары қағаздарына үйіледі деп санайды: олардың кем дегенде үшеуі болады деген нұсқасына 2.90- коэффициенті ұсынылған.

    "Ренн"

    Ал олардың француздық визавилерінің ісі өрге басты. "Қызыл-қаралар"(иә,"бір"лақап атты "Миланмен" бөлісуде) бастапқыдағы мүшкіл жағдайларын қалпына келтіріп, қазір қатарынан 5 жеңіс сериясымен келе жатыр, олардың бірі шұңқыр түбінен шығуды көздеп отырған "Лион" да бар (3:2). Бұл нәтиже кестедегі бейнеге де әсер етті: қазір "Ренн" 7-орынға көтеріліп, еурокубок аймағынан 4 ұпаймен келеді.

    "Қызыл-қаралар" ұзақ уақыт тербелгенді ұнатпайды: кейінгі 5 матчтың 4-нде команда үзіліске дейін есеп ашып үлгерген ("Сошо" - мен кубоктық ойында олар 1-ші таймда 6 голдың 4-уін соқты). Бұл жолы француздардың қарсыласы әлдеқайда мықтырақ болғанымен, сарапшылар алғашқы 45 минутта "Ренн" гол соғады деп сеніп, оны 2.75-ке бағалайды.

    Мачтқа болжам

    Бұл шайқаста "Милан" мәртебесі жағынан да, ойыны жағынан да айқын фаворит – бұған күмәндануға еш себеп жоқ. Бірақ "Ренн" Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне аспаннан түскен жоқ, сондықтан шайқассыз беріле салмайтыны анық (1-лигадағы жеңістерді қанжығасына біреу әкеліп байлап берген жоқ қой). Голдардың көптігін де күтуге болады: "Милан" соңғы 10 ойынының 8-інде кем дегенде 3 доп соғып келген. Parimatch сарапшыларының соңғы болжамы - "Миланның 3.5-тен жоғары тоталымен өтеді" деген нұсқасына, тартымды 4.50 коэффициенті ұсынылған.

    *Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

    "Милан" - "Ренн": сарапшылар қос команда да гол соғатынын болжап отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.