jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстан футбол федерациясының басшысы Магомед Адиевке қатысты пікірін айтты

    ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов
    ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов. Фото: instagram.com/a.barmenkulov

    Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевке қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    – Магомед Адиев ұлттық құрамамен жұмыс істеуді бастағалы бері біздің отандастарымызға ұнап жүр. Кейінгі кезде баспасөз біздің команданың бас жаттықтырушысы әр түрлі клубтарға, оның ішінде РПЛ-ға кетуі мүмкін екенін жазып жатыр. Мұндай әңгімелер қаншалықты орынды?

    – Мен оның қазіргі таңда сұранысқа ие маман екеніне қуаныштымын. Магомед Адиев футболшылар арасындағы ұжымда қолайлы орта жасады, ойыншылармен байланыс орнатты. Ол қазір Еуропаны көздеп отыр және бар назары ұлттық құрамада", – деді Әділет Барменқұлов.

    Сондай-ақ федерация басшысы футболды дамытудағы жоспарларды атап өтті.

    "Біз алты стадион салу арқылы қуатты инфрақұрылымды құруға ұмтыламыз және инвесторлармен белсенді жұмыс істейміз. Біз сондай-ақ ФИФА және УЕФА-мен өзара ынтымақтастықты жақсарттық. Олардың бізге деген қарым-қатынасы көңіл қуантады.

    Біздің мақсатымыз – футбол төңірегінде бизнес-индустрия құру, сондай-ақ Қазақстанда медиа нарықты дамыту. Біз футболдың әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз, сондықтан тиімді әсерге жету үшін федерация жұмысының барлық аспектілеріне назар аударамыз", – деді Барменқұлов.

    Қазақстан футбол федерациясының басшысы Магомед Адиевке қатысты пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.