jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Лионель Мессидің "Барселонадағы" рекордын жаңартқан футболшы кім

    Роберт Левандовски
    Роберт Левандовски. Фото: instagram.com/fcbarcelona

    "Барселона" футбол клубының ойыншысы Роберт Левандовский аргентиналық ойыншы Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Opta компаниясының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Барселона" мен "Наполи" командалары кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасты. Бұл ойынның 60-минутында "Барселона" шабуылшысы Роберт Левандовски гол соқты. Осылайша Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде гол салған "Барселонаның" ең егде жастағы (35 жас, 184 күн) ойыншысы атанды. Бұған дейін аталмыш рекордты Лионель Месси орнатқан еді. Ол 2021 жылы 33 жасында (+259 күн) мергендік танытқан болатын.

    Роберт Левандовски 2022 жылы "Барселонаға" ауысты. Польшалық футболшы осы маусымда барлық турнирде 34 матч өткізіп, 18 голмен және 6 нәтижелі паспен көзге түсті.

    Тranfermarkt порталы Роберт Левандовскийдің трансферлік нарықтағы құнын 20 миллион еуроға бағалап отыр.

    Лионель Мессидің "Барселонадағы" рекордын жаңартқан футболшы кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.