Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшы Дани Алвес 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Дани Алвес
Дани Алвес. Фото: instagram.com/danialves

"Барселона" футбол клубының және Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Дани Алвес 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Marca порталына сілтеме жасап хабарлайды.

40 жастағы футболшы Барселонадағы түнгі клубтардың бірінде қыз зорлады деп айыпталды. Оқиға 2022 жылы 30 желтоқсаннан 31 желтоқсанға қараған түні болған. Ал 2023 жылдың қаңтар айында Дани Алвес күдікті ретінде ұсталып, қамалған еді.

Сот шешімі бойынша бразилиялық футболшы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды және жәбірленушіге 150 000 еуро көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Енді Дани Алвес Каталонияның Жоғары сотына, одан кейін Испанияның Жоғары сотына аппеляцияға шағым түсіре алады.

Айта кетейік, Дани Алвес "Севилья", "Барселона", "Ювентус" және франциялық "Пари Сен‑Жермен" клубтарында ойнаған. Ол Бразилия ұлттық құрамасының сапында 126 матч өткізіп, командамен бірге Америка кубогы мен Конфедерациялар Кубогының екі дүркін жеңімпазы атанды. Сондай-ақ Токиода өткен 2020 жылғы Олимпиада ойындарының алтын медалін иеленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2062458-futbolsy-dani-alves-45-zylga-bas-bostandygynnan-aiyryldy/

pixel