Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшы Тони Кроос Германия ұлттық құрамасы сапына оралатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Тони Кроос
Тони Кроос. Фото: instagram.com/toni.kr8s

"Реал Мадрид" футбол клубының жартылай қорғаушысы Тони Кроос Германия ұлттық құрамасына оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Тони Кроостың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тони Кроос 2021 жылы Германия ұлттық құрамасы сапындағы мансабын аяқтаған еді. Енді Еуро-2024 турнирінің алдында командаға қайта оралатынын мәлімдеді.

"Мен наурыздан бастап қайтадан Германия құрамасында ойнаймын. Неге? Өйткені бапкер өтініш білдірді. Мен дайынмын және Еуропа чемпионатында көп нәрсеге қол жеткізетінімізге сенімдімін", – деп жазды футболшы.

Тони Кроос Германия құрамасында 11 жыл (2010-2021 жыл) ойнаған. Осы уақыт аралығында футболшы 106 матчқа қатысып, 17 гол соқты. Ал 2014 жылы командамен бірге әлем чемпионы атанған еді.

34 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда "Реал Мадрид" сапында 33 матчқа қатысып, 1 голмен көзге түсті. Тонидің мадридтік клубпен келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Тони Кроостың трансферлік нарықтағы құны – 14 миллион еуро.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2062561-futbolsy-toni-kroos-germaniya-ulttyq-quramasy-sapyna-oralatynyn-malimdedi/

pixel