jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Футболшы Эрлинг Холанд 1970 жылы орнатылған рекордты бұза алмады

    "Манчестер Сити" футболшылары
    "Манчестер Сити" футболшылары. Фото: Shaun Botterill/Getty Images

    "Манчестер Сити" футбол клубының ойыншысы Эрлинг Холанд 1970 жылы Джордж Бест орнатқан рекортты бұзуға жақын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 28 ақпанда Англия Кубогы аясында "Лутон Таун" және "Манчестер Сити" футбол клубтары кездесті. Пеп Гвардиоланың шәкірттері 2:6 есебімен жеңіп, турнирдің 1/4 кезеңіне жолдама алды.

    "Манчестер Сити" шабуылшысы Холанд осы ойында бес гол соқты. Оған төрт нәтижелі пасты Кевин де Брюйне берді. Англия Кубогында соңғы рет бес голды 1970 жылы Джордж Бест соққан еді. Ол кезде англиялық футболшы "Нортхэмптонмен" болған ойында гекса-трик (6 гол) жасады.

    Айта кетейік, "Манчестер Сити" қазір ағылшын Премьер лигасының 2-орнында келе жатыр. Гвардиола шәкірттерінде 59 ұпай болса, 1-орындағы "Ливерпулде" 60 ұпай.

    Футболшы Эрлинг Холанд 1970 жылы орнатылған рекордты бұза алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.