Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Рафаэль Гарибян ел Премьер лигасын трансляциялаудағы өзгерістер туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Рафаэль Гарибян жаңа маусымның матчтары үш телеарнада көрсетілетінін, бірақ YouTube-қа жарияланбайтынын айтты. Youtube бейнехостингінің орнына қазір әзірленіп жатқан жаңа платформаны пайдалану жоспарланып отыр.
"Бұл барлық матчтардың трансляциялары бар қосымша болады. Біз медиа бағытын дамытамыз. Үш телеарна – бәсекелестік пен ауқымды аудитория. Оған қоса, бұл комментаторларды, режиссерлерді және операторларды жаңа деңгейге шығарады. Біз сұранысқа ие өнім жасауымыз керек. Қолданба тегін және әлемнің кез келген нүктесінен қолжетімді болады", – деді Гарибян.
Лига басшысының айтуынша, платформа Қазақстан чемпионатының 2-3 турынан кейін іске қосылуы мүмкін. Ол қолданбада YouTube-тің барлық функциясы қолжетімді болмақ.
"Біз өз базамызды құруымыз керек. YouTube-та жанкүйерлеріміз кім екенін көрмейміз, ол жақта тікелей коммуникация жоқ. Мен сізді туған күніңізбен құттықтап, матчқа шақыра алмаймын. Бұл клубтар мен лигалар үшінші маңызды дүние, біз дамуымыз керек. Егер қосымша бар болса, бәрі сонда келеді. Мен YouTube-ті жабамыз деп айтпаймын, бірақ біздің басты міндетіміз – жанкүйерлерімізді білу. Қолданбаға тіркелу керек, ол өте жеңіл болады", – деп қосты Гарибян.
Қазақстан Премьер лигасының жаңа маусымы 1 наурызда басталады. Алғашқы ойын елордалық "Астана" мен "Жеңіс" футбол клубтары арасында Алматыда өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2063538-futboldan-qazaqstan-premer-ligasynyn-zana-mausymyndagy-ozgerister-translyaciya-alandar-zane-komandalar/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.