jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен "Астана" – "Жеңіс" матчы аяқталды

    "Астанa" мен "Жеңіс" арасындағы матч
    "Астанa" мен "Жеңіс" арасындағы матч. Фото: fcastana.kz

    Футболдан Қазақстан Премьер лигасының жаңа маусымындағы алғашқы турда астаналық ұжымдар дерби өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ойын Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ішіндегі стадионда өтті. Матчтың алғашқы голын "Астана" командасының шабуылшысы Усман Камара 19-минутта салды. Ал 61-минутта оның командаласы Елхан Астанов есепті еселеді. Осылайша 2:0 есебімен "Астана" командасы жеңіске жетіп, 3 ұпайға ие болды.

    Айта кетейік, елордалық команда "Астана Арена" стадионындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 2024 жылғы маусымда Алматыдағы "Хан Тәңірі" командасының алаңында ойнайтыны хабарланған еді.

    Футболдан Қазақстан Премьер лигасы 1 наурыз – 10 қараша аралығында өтеді. Жарыста қазақстандық 13 клуб, атап айтқанда "Ақтөбе", "Астана", "Атырау", "Елімай", "Жеңіс", "Жетісу", "Қайрат", "Қайсар", "Қызылжар", "Ордабасы", "Тобыл", "Тұран" және "Шахтер" ойнайды. Ал Премьер лиганың 14-клубы болып тіркелген "Ақсу" командасы қаржылық қиындықтарға байланысты турнирге қатысудан бас тартты.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен "Астана" – "Жеңіс" матчы аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.