jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында "Реал Мадрид" клубына үндеу жариялады

    Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду испаниялық "Реал Мадрид" клубын 122 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Криштиану Роналдудың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мадридтік отбасыны 122 жылдық тарихымен құттықтаймын! Алға, Мадрид!", – деп жазды Роналду Instagram-дағы парақшасында.

    Айта кетейік, "Реал Мадрид" футбол клубы 1902 жылы 6 наурызда құрылған. 39 жастағы Роналду бұл команда сапында 2009-2018 жылдары ойнады. Криштиану "Реал Мадридпен" бірге Испания чемпионы (2011/2012, 2016/2017), Испания кубогының иегері (2010/2011, 2013/2014), Чемпиондар лигасының (2013/2014, 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018), сондай-ақ клубтық әлем чемпионатының (2014, 2016, 2017) жеңімпазы атанды.

    Осыған дейін "Реал Мадридтің" бас бапкері 5 жылға жуық уақытқа түрмеге отыруы мүмкін екенін жазғанбыз. Қазір мадридтік клуб футболдан Испания чемпионатының турнир кестесінде 66 ұпаймен көш бастап тұр.

    Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында "Реал Мадрид" клубына үндеу жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.