jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Нұралы Әліп "Зенит" футбол клубы сапында 50-матчын өткізді

    Нұралы Әліп
    Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп ресейлік "Зенит" футбол клубының cапында 50-матчын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Зенит" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футболдан Ресей кубогының 1/4 финалының қарымта ойынында Санкт-Петербургтың "Зенит" командасы "Динамоны" (Мәскеу) 2:0 есебімен ұтты. Бұл матч "Зениттің" орталық қорғаушысы Нұралы Әліп үшін петербургтік клуб сапындағы 50-ойын болды. Ол осы уақытқа дейін бір нәтижелі паспен көзге түсті. Сондай-ақ "Зенитпен" екі рет Ресей чемпионы атанып, ел Суперкубогын екі мәрте жеңіп алды.

    Нұралы – Ақтаудың тумасы. Сегіз жасынан бастап "Каспий" академиясында футболмен айналысқан. 2015 жылы "Қайрат" академиясына ауысып, арада үш жыл өткен соң алматылық клуб сапында алғаш рет алаңға шықты. Нұралы "Қайрат" сапында жалпы есебі 99 матч өткізген. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 30 ойынға қатысқан.

    Ол 2022 жылы қаңтарда "Зенитке" қаралымнан өтуге шақырылды. Жаттығу жиындарында екі гол соғып, 16 ақпанда петербургтік клубқа 2022 жылдың соңына дейін сатып алу құқығымен жалданды. Кейін желтоқсанда командамен "2,5+1" жүйесі бойынша келісімшартқа отырған еді.

    Нұралы Әліп "Зенит" футбол клубы сапында 50-матчын өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.