Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грекияға жетті (фото)
Опубликовано:
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияға қарсы ойнау үшін Афинаға ұшып барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстан ұлттық құрамасы Афинаға аман-есен жетті. Жоспар бойынша ертең ойын алды баспасөз мәслихаты мен жаттығу өтеді. Матч 21 наурыз сағат 00:45-те басталады (жергілікті уақыт 20:45)", – делінген Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы жазбасында.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Грекияны жеңген жағдайда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады. Футболдан Еуропа чемпионаты 14 маусым – 14 шілде аралығында Германияда өтеді.
Еске салайық, 2021 жылы өткен Еуропа чемпионатында Италия ұлттық құрамасы жеңіске жеткен еді. Финалда Италия командасы Англиядан пенальти сериясында басым түскен болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2071218-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasy-grekiyaga-zetti-foto/