Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магомед Адиев: Қазақстан құрамасы футболшыларының көзіне түскім келмейді

Жарияланған күні:

Бапкер Магомед Адиев
Бапкер Магомед Адиев. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев баспасөз мәслихатында ойыншылардың матч алдындағы дайындығы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Футболдан Қазақстан құрамасы 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияға қарсы ойын өткізеді. Матч сағат 00:45-те басталады және "Qazsport", "Qazaqstan" телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

"Жігіттермен сөйлескен кезде бәрі ертеңгі ойынның маңыздылығын түсінетіні көрініп тұр. Мен оларға сөзбен қысым жасаудың жөнін көрмеймін. Керісінше, мен алдыңғы ойынмен салыстырғанда тәсілімді өзгерттім. Қажетсіз қысым жасамас үшін мен олардың көзіне аз түсуге тырысамын. Олар бәрін жақсы түсінеді", – деді Адиев ойын алдындағы баспасөз мәслихатында.

Қазақстан құрамасының бапкері төрешілер туралы сауалға да жауап берді. Матчтың бас төрешісі болып ең танымал мамандардың бірі голландиялық Дэнни Маккели тағайындалды.

"Жаттықтырушылар мен футболшылар өз міндетімізді ғана орындауымыз керек. Төрешілік мәселесі біздің қолымыздан келмейді. Бұл туралы неге ойлану керекпіз? Маған сеніңіз, өзімізде ойланатын нәрсе бар. Төреші ертең өз міндеттерін толықтай орындайды деп үміттенемін", – деді Адиев.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне жолдама алса, қанша табыс табатыны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2071881-magomed-adiev-qazaqstan-quramasy-futbolsylarynyn-kozine-tuskim-kelmeidi/