Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының қақпасына гол салған футболшыға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Жерсон Родригес
Жерсон Родригес. Фото: GIORGI ARJEVANIDZE/AFP via Getty Images

Футболдан Люксембург құрамасының ойыншысы Жерсон Родригес шартты түрде 18 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RTL Today порталына сілтеме жасап хабарлайды.

26 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургке қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 2:1 есебімен жеңілген еді. Бұл ойынның 24-минутында Люксембург құрамасынан Жерсон Родригес гол салды. Осы матчтан кейін Родригеске сот үкімі шыққан.

RTL Today порталының мәліметінше, 28 жастағы футболшы бұрынғы сүйіктісі, "Мисс Люксембург-2020" байқауының жеңімпазы Эмили Боландқа зорлық көрсетті деп айыпталған. Сол үшін ол шартты түрде 18 айға бас бостандығынан айырылып, 1500 еуро айыппұл төлейді. Сондай-ақ Родригес зардап шегушіге 2430 еуро өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, Жерсон Родригес – "Динамо" клубының ойыншысы. Бірақ қазір ол жалға алу құқығымен "Слован" сапында ойнап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2075577-qazaqstan-quramasynyn-qaqpasyna-gol-salgan-futbolsyga-sot-ukimi-syqty/

pixel