jitsu gif
Спорт

    Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургке есе жіберді

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: ANGELOS TZORTZINIS/AFP via Getty Images

    Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургке қарсы жолдастық кездесуде жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Матч "Стад де Люксембург" стадионында өтті. Ойынның 2-минутында Қазақстан құрамасы сапынан Әділет Садыбеков есеп ашты. Бұл оның ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы болды. 24-минутта Люксембург құрамасынан Жерсон Родригес есепті теңестірді. Кейін оның командаласы Данел Синани (45-минутта) гол салды. Осылайша, Магомед Адиевтің шәкірттері қарсылас командадан 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

    Еске салайық, осыған дейін екі құрама да Ұлттар лигасының жартылай финалында жеңіліп, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылған еді. Люксембург командасы Грузиядан 2:0 есебімен ұтылса, Қазақстан құрамасы Грекияға 5:0 есебімен есе жіберді.

    Айта кетейік, Грузия құрамасы Грекияны жеңіп, тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама алған еді.

    Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургке есе жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.