Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Боранбаев Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев туралы пікірін айтты

Жарияланған күні:

Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: instagram.com/kairat4

Алматылық "Қайрат" футбол клубының бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Business FM радиосының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінде қалуы керек деп есептеймін. Ол команданы жақсы біледі, оған Ұлттар лигасында тағы бір цикл жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек", – деді Боранбаев "Деловое утро" бағдарламасының подкастында.

Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасы 21 наурызда Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиядан 5:0 есебімен жеңілген еді. Осылайша 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылды. Магомед Адиевтің шәкірттері 26 наурызда жолдастық кездесуде Люксембург командасына да есе жіберді. Қатарынан екі жеңілістен соң Магомед Адиев қызметінен кету туралы пікірін айтты.

Магомед Адиев 2022 жылы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер болып тағайындалды. Ол "Анжи", "ЦСКА", "Спартак", "Терек" және қазақстандық "Жеңіс" секілді танымал футбол клубтарында ойнады. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, "Ахмат", "Анжи", "Чайка" командаларын жаттықтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2075619-qairat-boranbaev-qazaqstan-quramasynyn-bas-bapkeri-magomed-adiev-turaly-pikirin-aitty/