jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақтөбе" футбол клубы матчтан түскен қаражатты су тасқынынан зардап шеккендерге аударады

    "Ақтөбе" ойыншылары
    "Ақтөбе" ойыншылары. Фото: instagram.com/fcaktobe_official

    "Ақтөбе" футбол клубы елордалық "Жеңіс" командасына қарсы ойынның билетінен түскен қаржыны су тасқынынан зардап шеккендерге аударады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кеше, 31 наурызда Қазақстан Премьер лигасының 3-туры аясында "Ақтөбе" ұжымы өз алаңында "Жеңісті" қабылдады. Бұл ойынға футболшылар су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау мақсатында "Күшіміз – бірлікте" атты жейдемен шықты. Сондай-ақ "Ақтөбе" клубы матчтың билетінен түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ.

    "Футбол клубының басшылығы "Ақтөбе" мен "Жеңіс" матчының билетінен түскен қаражатты облыстағы төтенше жағдайдан жапа шеккендерге аудару туралы шешім қабылдады", – делінген "Ақтөбе" командасының Instagram-дағы парақшасында.

    Айта кетейік, "Ақтөбе" мен "Жеңіс" арасындағы ойын 3:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді. "Ақтөбе" сапынан Максим Самородов, Идрис Умаев, Дони Ромеро гол соқты. Идрис Умаев осы матчтың үздік ойыншысы атанды.

    "Ақтөбе" футбол клубы матчтан түскен қаражатты су тасқынынан зардап шеккендерге аударады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.