Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Футбол жанкүйерлері польшалық клубтың бапкерін соққыға жықты

Опубликовано:

Александр Хацкевич
Александр Хацкевич. Фото: zaglebie.eu

Футбол жанкүйерлері "Заглембе" клубының бапкері, белорусьтік маман Александр Хацкевичті соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meczyki.pl cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, бір топ адам польшалық клубтың жаттығу базасына басып кірген. Олар Александр Хацкевичтің бетінен ұрып, аяқпен бірнеше соққы жасағаны айтылды.

Алайда Хацкевичтің агенті Вадим Шаблий бапкердің соққыға жығылғанын жоққа шығарды.

"Хатцкевичті ешкім ұрған жоқ, тек оған түсініксіз адамдар, бұзақылар қоқан-лоққы жасады. Біздің агенттік Александр Хатцкевичті заң жүзінде және келісімшарт бойынша қорғайды. Оны ешкім жұмыстан шығармайды. Александр Николаевич "Заглембеден" өзі кеткісі келеді, өйткені командада тәртіпсіздік боп жатыр", — деді Шаблий ukrfootball.ua сайтына берген сұхбатында.

"Заглембе" клубының баспасөз қызметі белгісіз адамдардың жаттығу базасына келгенін растады.

"Сәрсенбі күні таңертең біздің бірінші командамыздың жаттығуы кезінде бір топ ер адам пайда болды. Олар жаттығуды бөліп, жаттықтырушылар құрамымен және ойыншылармен сөйлесті. Бетперде киген адамдардың мінез-құлқын ескере отырып, клуб полицияға хабарлады. Сол жерге патруль келді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар, келесі 24 сағат ішінде біз клубымызға қатысты кадрлық шешімдер туралы хабарлаймыз", – деп мәлімдеді "Заглембе" клубы X желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, "Заглембе" футбол клубы Польша чемпионатының екінші дивизионында ойнайды. Қазір команда 25 турдың қорытындысы бойынша 13 ұпаймен соңғы, 18-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2078615-baq-futbol-zankuierleri-polsalyq-klubtyn-bapkerin-soqqyga-zyqty/

pixel