jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары Адиевпен бірге ресейлік клубта жұмыс істейтін болды

    Жаттықтырушылар
    Евгений Коструб, Руслан Балтиев, Ерлан Ыбырайым. Фото: "Ахмет" клубының баспасөз қызметі

    Грозныйдың "Ахмат" клубының баспасөз қызметі командада Магомед Адиевпен бірге футболдан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының мүшелері де жұмыс істейтінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Адиев Ресей премьер-лигасы клубының бас бапкері қызметіне тағайындау туралы жұма күні ресми түрде жарияланған. Маман бұл жұмысын Қазақстан футбол құрамасындағы лауазымымен қатар атқарады.

    Кейінірек "Ахматта" ресейлік маманға клуб деңгейінде Руслан Балтиев (аға жаттықтырушы), Евгений Коструб (жаттықтырушы) және Ерлан Ыбырайым (дене шынықтыру жаттықтырушысы) көмектесетінін мәлімдеді. Олар Адиевпен бірге ұлттық құрамада жұмыс істейді.

    Жаңа бас бапкердің басшылығымен "Ахмат" дебюттік матчын жексенбіде өз алаңында мәскеулік "Локомотивке" қарсы өткізеді. Қазіргі уақытта грозныйлықтар РПЛ кестесінде 12-орында.

    Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары Адиевпен бірге ресейлік клубта жұмыс істейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.