Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арсенал" "Баварияны" өз алаңында жеңеді – сарапшылар

Опубликовано:

Арсенал VS Бавария
Фото: Parimatch

Еурокубок апталығының ең күтілетін матчтарының бірі – "Арсенал" мен "Баварияның" Лондондағы кездесуі. Бұл кездесу немен аяқталатыны туралы Parimatch сарапшыларымен талқылап көруді жөн көрдік.

10 сәуір

Астана уақыты бойынша 0:00

"Эмирейтс Стадиум" (Лондон, Англия)

“Арсенал”

Микель Артетаның командасы өткен маусымдағы қателіктерінен сабақ алды. Бүгінгі "Арсенал" бұрынғыдай ойын алаңында үстемдік етуді біледі, бірақ қазір әлдеқайда мықтырақ команда. Мұны "Манчестер Ситимен" өткен матч көрсетті, онда лондондықтар 0:0 есебімен ойнауды көздеп, 0:0 есебімен ойнай алды. Бірақ қажет болатын болса, "Арсенал" әдемі гол соғып, көп ұпай жинай алады, мысал ретінде, "Брайтонмен" өткен ойынын алуға болады. Оған қоса, "зеңбірекшілер" кенеттен АПЛ-да өздерін бірінші орыннан тапты, олар енді екі майданда тер төгуі керек. Бірақ жағдайларын жеңілдету үшін "Баварияның" кек алуын күтпестен бірден талқандауы тиіс. Сонымен қатар, жазда қатардан шығып қалған Юрриен Тимберден басқасының бәрі сақадай сай болып сапта дайын тұр.

"Арсеналдың" кейінгі 5 матчы (4-1-0, 8-1)

  • АПЛ. "Брайтон" – "Арсенал" 0:3
  • АПЛ. "Арсенал" – "Лутон Таун" 2:0
  • АПЛ. "Манчестер Сити" – "Арсенал" 0:0
  • ЧЛ. "Арсенал" – "Порту" 1:0
  • АПЛ. "Арсенал" – "Брентфорд" 2:1

"Бавария"

"Бавариямен" болып жатқан жағдайды, қараңғы түнек деп айтуға болады. "Хайденхаймнан" жеңіліс – бұл Томас Тухельдің командасымен болған және болып жатқан ең жаман нәрсенің квинтэссенциясы. Дегенмен, мюнхендіктерді толығымен есептен шығарудың қажеті жоқ. Маусым бойы олар лайықты матчтар өткізді және олардың көпшілігі Чемпиондар Лигасына келді: мысалы, "Манчестер Юнайтедпен" жекпе-жек және "Лациомен" өткен жауап матчы. Дегенмен, "Арсеналмен" салыстырсақ, Мюнхеннен шыққан команда әлсіздеу көрінеді. Елеулі шығындары туралы айтатын болсақ - Марушич және Сарр.

"Баварияның" кейінгі 5 матчы (3-0-2, 18-8)

  • Бундеслига. "Хайденхайм" – "Бавария" 3:2
  • Бундеслига. "Бавария" – "Боруссия Д" 0:2
  • Бундеслига. "Дармштадт" – "Бавария" 2:5
  • Бундеслига. "Бавария" – "Майнц" 8:1
  • ЧЛ. "Бавария" – "Лацио" 3:0

Жеке кездесулері

2000-ыншы жылдар аралығында "Арсенал" мен "Бавария" Чемпиондар Лигасында жүйелі түрде жиі кездесіп тұратын. 2017 жылы өткен соңғы ресми матчта "Бавария" "Эмирейтсте" қарсыласын 5-1 есебімен талқандап тастаған еді. Шын мәнінде, сол құрамнан бүгінгі таңда тек Киммих пен Мюллер ғана мюнхендіктер үшін ойнап жүр.

Болжам

Өте қарапайым: "Арсеналдың" жеңісіне 1.73 коэффициенті ұсынылған.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2081609-arsenal-bavariyany-oz-alanynda-zenedi-sarapsylar/

pixel