jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанға есе жіберді: команда капитаны мәлімдеме жасады

    Қазақстан және Өзбекстан құрамалары арасындағы матч
    Қазақстан және Өзбекстан құрамалары арасындағы матч. Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстан құрамасы өз алаңындағы жолдастық кездесуде Өзбекстан командасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Таразда өткен ойын 5:6 есебімен Өзбекстан командасының пайдасына шешілді.

    Матчтан кейін Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита Instagram-дағы парақшасында мәлімдеме жасады.

    "Мен жаңа буынмен бір алаңда ойнағаныма қуаныштымын. Алдыңғы күні және кеше өткен ойын олар үшін де, біз үшін де жақсы тәжірибе болды деп есептеймін. Өйткені қиын болды. Бүгін өте жақсы матч өтті. Тараздағы жанкүйерлерімізге келіп қолданғаны үшін алғыс айтамын. Мен бірнеше жылдан кейін бізді алмастыратын буынмен бірге рахаттанып ойнадым. Қазақстан футзалы дұрыс жолда! Алға Қазақстан", – деді Игита.

    Айта кетейік, Қазақстан және Өзбекстан құрамалары 7 сәуірде өткен жолдастық кездесуде 2:2 есебімен тең тарқасқан еді.

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанға есе жіберді: команда капитаны мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.