Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" сырт алаңда "ПСЖ" футбол клубын жеңіп кетті

Опубликовано:

"Барселона" клубының ойыншылары
"Барселона" клубының ойыншылары. Фото: Pedro Salado/Getty Images

Бүгін, 11 сәуірде Чемпиондар лигасының ширек финалдық матчтары өтті. "Барселона" сырт алаңда "ПСЖ" командасын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Испаниялық "Барселона" футбол клубы Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойынында франциялық "ПСЖ" командасымен кездесті. Париждегі ойын 2:3 есебімен аяқталды. Матчтың алғашқы голын "Барселона" ойыншысы Рафинья соқты.

Кейін 48 және 51-минутта париждік команда екі голмен жауап қатып, есепте алға шықты. Алайда Хавидің футболшылары матч соңында тамаша камбэк жасай білді. Екінші таймның соңында Рафинья дубль жасаса, жеңісті голды Кристансен салды.

Айта кетейік, қарымта кездесу 18 сәуірде Барселонада өтеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен ұжым Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2082665-barselona-syrt-alanda-psz-futbol-klubyn-zenip-ketti/

pixel