jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Нұралы Әліп әйгілі футболшы Неймармен бір командада ойнауы мүмкін

    Неймар
    Неймар. Фото: Jonathan Moscrop/Getty Images

    Португалиялық агент Пауло Барбоза әйгілі футболшы Неймар "Зенит" командасына қосылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Матч ТВ" cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Айта кетейік, Санкт-Петербургтың "Зенит" клубында Қазақстан құрамасының футболшысы Нұралы Әліп ойнайды.

    """Зенит" Неймарды шақыруы мүмкін. Бірақ оның аса ауыр жарақаты болғанын және ота жасатқанын түсіну керек. Ол бұрынғы деңгейіне қайта оралуды ойлайтын жаста. Егер жарақатынан айықса, "Зенитке" қосылуды қарастырып көре алады", – деді Барбоза.

    Қазір Неймар – сауд арабиялық "әл-Хиляль" футбол клубының ойыншысы. Ол өткен жылдың қазанында ауыр жарақат алып, Бразилияда емделген еді. Жақында 32 жастағы футболшы "әл-Хиляльге" қайта оралды.

    Tranfermarkt порталының мәліметінше, Неймардың трансферлік нарықтағы құны - 45 миллион еуро.

    Нұралы Әліп әйгілі футболшы Неймармен бір командада ойнауы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.