Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаулық азамат жергілікті футбол клубы 3 айда 600 млн теңге жұмсағанын айтып шағымданды

Опубликовано:

"Каспий" және "Арыс" командалары арасындағы ойын
"Каспий" және "Арыс" командалары арасындағы ойын. Фото: instagram.com/caspiy_fc

Ақтау тұрғыны "Каспий" футбол клубына 3 айда 600 млн теңге бөлінгенін айтып шағымданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, Ақтау тұрғыны облыс әкімінің Telegram желісіндегі арнасына шағымын жазған.

"Мұндай ақшаны футбол клубына берудің қажеті қанша? Клуб үш айда 600 млн теңге жұмсаған. Үш айдан кейін олардың ақшасы таусылады. Әрі қарай не болады? Оларға қалған алты айға тағы ақша бөліне ме?", – деді Ақтау тұрғыны.

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері тұрғынның шағымына жауап берді.

"2024 жылы Маңғыстау облысының спорт басқармасы қол қойған келісімшарт шеңберінде "Каспий" кәсіби футбол клубы қосымша қаржыландырылмайды деген уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондықтан клуб 2024 жылға бөлінген бюджет шеңберінде жұмыс істейді және қосымша бюджет сұрамайды (кредиторлық шығындарды есепке алмағанда). Қазір серіктестер мен демеушілерді тарту бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр" ,– деп хабарлады өңірдің дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, "Каспий" футбол клубы бірінші лигада ойнайды. Қазір бұл команда турнир кестесінде 6 ұпаймен көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2085530-aqtaulyq-azamat-zergilikti-futbol-kluby-3-aida-600-mln-tenge-zumsaganyn-aityp-sagymdandy/

pixel