Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболда қақпашыларға қатысты жаңа ереже енгізілуі мүмкін

Опубликовано:

"Барселона" футбол клубының қақпашысы
"Барселона" футбол клубының қақпашысы. Фото: Photo by Jean Catuffe/Getty Images

Халықаралық футбол қауымдастықтарының кеңесі (IFAB) қақпашылардың допты ойынға қосу уақытына қатысты жаңа ереже ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ESPN телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі ереже бойынша қақпашы допты 6 секунд ішінде ойынға қосуы керек. Ал жаңадан ұсынылған ережеге сәйкес, қақпашы допты 8 секундтан артық қолында ұстап тұрса, қарсылас командаға бұрыштама немесе аут беріледі. Ол ережені бұзған қақпашыға ең жақын қапталдан орындалады.

Бұл ереже 2024/25 жылғы маусымда сынақтан өткізілмек. Кейін 2025 жылдың соңында IFAB ұйымы ережені талқылайды. Егер сынақ сәтті өтсе, 2026/27 жылғы маусымнан бастап барлық турнирде қолданыла бастайды.

Еске салайық, футбол ойынына sin-bin төрелік процестері аясында көк қағаз енгізу ұсынылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2086517-futbolda-qaqpasylarga-qatysty-zana-ereze-engizilui-mumkin/

pixel