Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бавария" – "Арсенал": Айдын Қожахметтің шайқасқа қатысты болжамы

Опубликовано:

Бавария VS Арсенал
Фото: Parimatch

Бұл командалардың алғашқы кездесуі үлкен түсініксіздік сезімін қалдырды. Мюнхенде бізді нағыз драма күтіп тұрған сияқты сезім бар. Біздің еліміздегі ауызекі тілде айтылғандай, вig drama show.

18 сәуір

Астана уақыты бойынша 00:00

"Альянц-Арена" (Мюнхен, Германия)

"Бавария"

Мюнхендіктердің Лондоннан аман-есен қашып шығатынына сенгендер саны аз болды. Қазіргі "Арсеналдың" жағдайы тым жақсы, ал "Бавария" болса өз алдына тұрақтылық көрсетіп жүрген жоқ. Бірақ Томас Тухельдің шәкірттері кадрлық шығынға ұшыраса да, "Эмирейтсте" қолайлы нәтижеге қол жеткізді. Алайда аталған проблемалар шешімін тапқан жоқ. Жаттықтырушы әлі де шеттегі негізгі ойыншыларына арқа сүйей алмайды - Гнабри, Команд, Дэвис, сондай-ақ жас ойыншылары қатарынан: Баухманн, Буи, Сарра, Марушич.

"Баварияның" соңғы 5 матчы (2-1-2, 11-7)

  • Бундеслига. “Бавария” - “Кельн” 2:0
  • ЧЛ. “Арсенал” - “Бавария” 2:2
  • Бундеслига. “Хайденхайм” - “Бавария” 3:2
  • Бундеслига. “Бавария” - “Боруссия Д” 0:2
  • Бундеслига. “Дармштадт” - “Бавария” 2:5

"Арсенал"

"Пушкарлардың" қазіргі көңіл-күйі мәз емес. Екі үлкен майданда өткізіліп жатқан күрес көп күш пен эмоцияны талап етеді. "Баварияға" тістерін батыра алмай, Артетаның шәкірттері чемпиондық үшін күресте өз жағдайларын демалыс күндері "Астон Вилладан" жеңіліп қалып, тіпті нашарлатты. Мұның ең өкініштісі, бұл жағдай өз ойын алаңында болған. Кім біледі, мүмкін жеңіс "зеңбірекшілерге" сырт ойын алаңында оңай берілетін шығар?

"Арсеналдың"соңғы 5 матчы

  • АПЛ. “Арсенал” - “Астон Вилла” 0:2
  • ЧЛ. “Арсенал” - “Бавария” 2:2
  • АПЛ. “Брайтон” - “Арсенал” 0:3
  • АПЛ. “Арсенал” - “Лутон” 2:0
  • АПЛ. “Манчестер Сити” - “Арсенал” 0:0

Жеке кездесулер тарихы

"Арсеналдың" Мюнхенге соңғы сапары 2017 жылы "Бавариядан" 5-1 есебімен жеңіліспен аяқталған еді. Сол кездерден бері неміс алыбының қатарында әлі де Нойер, Мюллер, Киммих, Дэвис бар. Ал лондондықтар қатарынан бұл ұят жағдай тек Мұхаммед Эль-Неннидің есінде қалған.

Әдетте, бұл командалардың жекпе-жегі көбінесе голға бай аяқталады. Ешқашан нөлдік нәтижелі тең ойын болған емес.

Матчқа болжам

Менің ойымша, бұл кезеңде тәжірибелі ойыншылардың бар болуы жас ойыншыларға қарағанда маңыздырақ. Сондықтан мен "Баварияның" жеңісіне сенім артамын. Parimatch-тағы достарым бұл оқиғаны 1.77 коэффициентімен бағалаған.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2086547-bavariya-arsenal-aidyn-qozaxmettin-saiqasqa-qatysty-bolzamy/

pixel