jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал Мадрид" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

    "Реал Мадрид" ойыншылары
    "Реал Мадрид" ойыншылары. Фото: Jose Manuel Alvarez/Quality Sport Images/Getty Images

    Бүгін, 17 сәуірде Чемпиондар лигасының ширек финалдық кездесулері өтті. Манчестер қаласындағы ойында "Реал Мадрид" футбол клубы жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубы Чемпиондар лигасының ширек финалдық кезеңі аясында англиялық "Манчестер Сити" командасына қарсы қарымта матч өткізді. "Этихадтағы" ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтың алғашқы голын "Реал" шабуылшы Родриго соқты. Алайда англиялық команданың жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне 76-минутта гол соғып, есеп теңестірді.

    Экстра-таймда гол соғылмады. Сол себепті жартылай финалға шығатын команда ойын соңындағы пенальти сериясы арқылы анықталды. "Манчестер" ойыншылары 3 мәрте гол соқса, мадридтік "Реал" футболшылары 4 рет мергендік танытты. Нәтижесінде 3:4 есебімен испаниялық клуб жартылай финалға өтті.

    Жартылай финалға шыққан командалар. "Реал Мадрид", "ПСЖ", "Боруссия Дортмунд" және "Бавария".

    "Реал Мадрид" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.