jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал Мадрид" футбол клубы өз алаңында "Барселонаны" жеңіп кетті

    "Реал Мадрид" ойыншылары
    "Реал Мадрид" ойыншылары. Фото: Florencia Tan Jun/Getty Images

    Испания чемпионатының 32-туры аясында "Реал Мадрид" футбол клубы өз алаңында "Барселонаны" қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 22 сәуірде Испания чемпионатының 32-тур ойындары өтті. Ла Лиганың орталық матчында "Реал Мадрид" өз алаңында Хавидің "Барселонасын" қабылдады. Нәтижесінде Карло Анчелоттидің шәкірттері 3:2 есебімен жеңіп, 3 ұпайға қол жеткізді. Осылайша 81 ұпаймен көш бастап тұр. Ал "Барселона" 70 ұпаймен 2-орында.

    Ойынның алғашқы голын "Барса" ойыншысы Кристенсен соқты. Алайда 18-минутта мадридтік "Реал" пенальтиден гол салып есеп теңестірді (Винисиус). Ойынның 69-минутында Фирмин Лопес көзге түссе, 73-минутта мадридтік команда сапында Лукас Васкес пен 90+1-минутта Беллингем гол соқты.

    Айта кетейік, мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының ширек финалында "Манчестер Ситиді" жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді. Карло Анчелотти шәкірттері 1/2 финалда "Баварияға" қарсы ойнайды.

    "Реал Мадрид" футбол клубы өз алаңында "Барселонаны" жеңіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.