jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық футболшы Еуропадағы алғашқы голын соқты

    Оралхан Өміртаев
    Оралхан Өміртаев. Фото: John Berry/Getty Images

    Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевтің голы "Слуцк" футбол клубына жеңіс сыйлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Беларусь елінің клубына қысқы трансфер аусымында қосылған 25 жастағы қазақстандық футболшы "Шахтер Солигорск" командасына қарсы ойында дебюттік голын соқты. Беларусь чемпионаты аясында өткен ойын 2:1 есебімен "Слуцк" пайдасына шешілді. Матчтың 3-минутында "Слуцк" ойыншысы Никита Мельников есеп ашты. Ал 17-минутта алаң қожайдарының жартылай қорғаушысы Максим Ковалевич есепті теңестірді – 1:1. Қақпаға баспен дәл соққы жасаған Оралхан Өміртаев 24-минутта өз командасын алға шығарып, жеңіс голын соқты.

    Айта кеткен жөн, Оралхан Өміртаев өзінің мансабын қарағандылық "Шахтер" клубында бастап, Қазақстан біріншілігінде "Атырау", "Ақжайық" және "Тобол" командаларының сапында өнер көрсеткен. 2014-2017 жылдары жасөспірімдер құрамасында, ал 2018-2021 жылдар Қазақстан ұлттық құрамасы сапында болды.

    Материал авторы: Досбол Атажан

    Қазақстандық футболшы Еуропадағы алғашқы голын соқты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.