Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция өкілдері "Ақтөбе" - "Астана" арасындағы матчқа байланысты жанкүйерлерге үндеу жасады

Опубликовано:

"Ақтөбе" ойыншылары
"Ақтөбе" ойыншылары. Фото: fc-aktobe.kz

Полиция өкілдері "Ақтөбе" - "Астана" арасындағы матчқа байланысты жанкүйерлерге үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облысы полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

4 мамырда Қазақстан Премьер лигасының 7-туры аясында "Ақтөбе" өз алаңында "Астананы" қабылдайды. Матч алдында Ақтөбе облысының полиция департаменті жанкүйерлерге үндеу жасады.

"Құрметті жанкүйерлер, "Ақтөбе" және "Астана" ФК командалары арасындағы матч қарсаңында полиция департаменті тағы да алаяқтық жолмен ақша табуға тырысатын адамдардың көбейгенін еске салады. Соңғы күндері бірнеше адам күмәнді билеттерді сату деректері туралы полицияға арызданды.

Полиция департаменті азаматтарға рұқсат етілмеген сайттардан билеттерді сатып алмауды ескертеді және мұндай билеттердің жарамсыз екенін атап көрсетеді. Билеттерді қолдан сатып алғанда, сіз жалған билеттерді сататын қылмыскерлердің құрбаны болуыңыз және соның салдарынан әрі матчқа қатыса алмауыңыз мүмкін", – делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, қазір Премьер лиганың турнир кестесінде "Ақтөбе" футбол клубы 10 ұпаймен көш бастап тұр. "Астана" ұжымында да 10 ұпай бар. Алайда бір матч артық ойнаған елордалық команда кестеде 2-орынға жайғасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2095364-alaiaqtar-aqtobe-men-astana-futbol-klubtary-arasyndagy-oiynga-zhalgan-biletter-satyp-zhatyr/

pixel