jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал" 36-рет Ла Лига чемпионы атанып, рекорд орнатты

    "Реал" Мадрид
    "Реал" Мадрид ойыншылары. Фото: Florencia Tan Jun/Getty Images

    Мадридтік "Реал" футболдан ұлттық чемпионаттың аяқталуына төрт тур қалғанда рекордты 36-рет Ла Лига чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ деп хабарлайды.

    36-турдың матчында "корольдік клуб" өз алаңында "Кадис" футбол клубын 3:0 есебімен ұтты. Есеп екінші таймда ғана ашылды. Чемпионат матчында Брахим Диас (51-минут), Джуд Беллингем (68), Хоселу (90+3) гол соғып, көзге түсті.

    Параллельді матчта "Реалдың" басты қарсыласы – каталондық "Барселона" голдар сериясында "Жиронадан" 4:2 есебімен жеңіліп қалды. Осы жеңілістен кейін Хави Эрнандестің ойыншылары кестедегі екінші орыннан және чемпиондық жарыстағы барлық мүмкіндіктен айырылды.

    "Реал Мадрид" 34-турда 87 ұпай жинаса, екінші орында келе жатақан "Жирона" 74 ұпайға ие болды.

    Осылайша Мадрид клубы Испания чемпионатының титулдарын алудан рекорд жасады, ал бәсекелесі "Барселонада" 27 Ла Лига кубогы бар.

    "Реал" 36-рет Ла Лига чемпионы атанып, рекорд орнатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.