jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық миллиардер Англиядағы футбол клубын сатып алды

    Футбол добы
    Футбол добы. Фото: pixabay.com

    Қазақстандық кәсіпкер Михаил Ломтадзе англиялық "Уиком Уондерерс" футбол клубын сатып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Уиком Уондерерс" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ағылшын футбол лигасының рұқсатынан кейін Михаил Ломтадзе, Эдуард Вишняков және Дэн Райс "Уиком Уондерерс" футбол клубының директорлар кеңесінің құрамына енді. Сонымен қатар Ломтадзенің Blue Ocean Partners II Limited компаниясы енді аталмыш клубтың 90 пайыз акциясына иелік етеді.

    "Біз тұрақты түрде жоғары деңгейде өнер көрсететін клубты дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегиямыздың ажырамас бөлігі болатын тиімділігі жоғары академия құруға талпынамыз", - деді Михаил Ломтадзе.

    Айта кетейік, "Уиком Уондерерс" Англияның бірінші лигасында (үшінші дивизион) ойнайды. Команда осы маусымды 10-орынмен аяқтаған еді.

    Қазақстандық миллиардер Англиядағы футбол клубын сатып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.