jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасының алғашқы финалисі анықталды

    "Боруссия" футбол клубының ойыншылары
    "Боруссия" футбол клубының ойыншылары. Фото: FRANCK FIFE/AFP via Getty Images

    Германиялық "Боруссия" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық сериясында франциялық "Пари Сен-Жермен" командасын екінші рет жеңіп, турнирдің финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Матч Париждегі "Парк де Принс" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 50-минутта "Боруссияның" жартылай қорғаушысы Матс Хуммельс соқты.

    Екі команданың өткен аптадағы алғашқы ойынында да германиялықтар басым түскен еді. Осылайша, "Боруссия" екі матч қорытындысы бойынша 2:0 есебімен жеңіске жетіп, биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының алғашқы финалисі атанды.

    "Боруссия" ұжымы финалда испаниялық "Реал Мадридпен" немесе германиялық "Бавариямен" кездеседі. Бұл екі команданың алғашқы ойыны тең есеппен аяқталған еді (2:2).

    Чемпиондар лигасының ақтық сыны 1 маусымға жоспарланған. Ол Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтеді.

    Чемпиондар лигасының алғашқы финалисі анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.