jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" легионері қазақстандық футболдың деңгейі төмен болғандықтан клубтан кетті

    Карлитос
    Карлитос. Фото: "Астана" ФК сайты

    "Астана" легионері, испан шабуылшысы Карлитос лақапатымен танымал Карлос Лопес Уэска қазақстандық футболдың деңгейі төмен болғандықтан клубтан кетті. Бұл туралы клуб өз сайтында жариялады. Ал Sports.kz басылымы легионер клубтан неге кеткенін анықтаған.

    Басылым мәліметінше, үздік футболшылардың бірі "Астанадан" қазақстандық футболдағы бірқатар проблемаға байланысты кеткен.

    Атап айтқанда, тоғыз жыл шетелде ойнаған футболшы жасанды көгалдағы тұрақты ойынға, сондай-ақ Қазақстан премьер-лигасындағы инфрақұрылымды дамытудың жалпы шарттары мен деңгейіне көңілі толмаған.

    Еске салайық, Карлитос наурыз айының басында грек "Ламиясынан" "Астанаға" ауысып келген болатын. Бұл трансфер үшін қазақстандық клуб 300 мың еуро төлеген. Нәтижесінде 33 жастағы испан форварды ҚПЛ-да тек үш матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленбеген.

    Алайда клуб 7 мамырда жариялаған ресми мәлімдемесінде трансфер сомасына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтқан.

    Клуб өкілдерінің сөзінше, екі клуб арасындағы трансфер шарты бойынша бірнеше есе аз соманы құрайды.

    Сондай-ақ футболшының жағдайын ойлай отырып, клуб ойыншыдан тұрақсыздық айыбын талап етпегені айтылады. Футболшы жұмыс істеген мерзімі үшін жалақысының бір бөлігінен бас тартыпты.

    "Астана" легионері қазақстандық футболдың деңгейі төмен болғандықтан клубтан кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.