jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал Мадрид" футбол клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты

    "Реал Мадрид" ойыншылары
    "Реал Мадрид" ойыншылары. Фото: David Ramos/Getty Images

    Испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубы Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 9 мамырда Чемпиондар лигасының жартылай финалдық кездесуі өтті. Испания астанасы Мадридте өткен қарымта ойында "Реал" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчың алғашқы голын германиялық "Бавария" клубының ойыншысы Альфонсо Дэвис (68-минутта) соқты. Ал испаниялық команданың шабуылшысы Хоселу 88 және 90+1-минутта гол салып, камбэк жасауға көмектесті.

    Чемпиондар лигасының алғашқы финалисі 8 мамырда анықталған еді. "Боруссия" екі ойын қорытындысы бойынша "ПСЖ" командасын 2:0 есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

    Айта кетейік, аталмыш турнирдің финалдық кездесуі 1 маусым Лондондағы "Уэмбли" алаңында өтеді. Егер мадридтік "Реал" жеңсе, клуб тарихындағы 15-кубокқа қол жеткізеді.

    "Реал Мадрид" футбол клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.