jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Манчестер Сити" футбол клубы "Тоттенхэмді" жеңіп, АПЛ-де көш бастады

    Эрлинг Холланд және Родри
    Эрлинг Холланд және Родри. Фото: Sebastian Frej/MB Media/Getty Images

    "Манчестер Сити" футболшылары сырт алаңда лондондық "Тоттенхэмнен" басым түсіп, Англия Премьер лигасында (АПЛ) қайтадан бірінші орынға шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кездесу "Тоттенхэм Хотспур" стадионында өтіп, 2:0 есебімен "Манчестер Ситидің" пайдасына шешілді. Екі голды да норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холланд салды (51 және 90+1 минутта).

    Екінші таймның ортасында "Манчестер Сити" қақпашыны ауыстыруға мәжбүр болды. Эдерсон Кристиан Ромеомен соқтығысқанда жарақат алып қалды және көп ұзамай оның орнына Стефан Ортега алаңға шықты. Десе де Эдерсон қақпашыны ауыстыру туралы шешімге келіспеді.

    "Тоттенхэмді" жеңу арқылы "Манчестер Сити" 88 ұпаймен турнир кестесінде Лондонның "Арсеналын" (86) қайта басып озды. АПЛ маусымының соңғы турында "Манчестер Cити" лондондық "Вест Хэмді", ал "Арсенал" ливерпульдік "Эвертонды" қабылдайды.

    "Манчестер Сити" футбол клубы "Тоттенхэмді" жеңіп, АПЛ-де көш бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.