jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024 футбол додасында жаңа ереже енгізіледі

    Еуро-2000 додасы
    Еуро-2000 додасы. Фото: Richard Sellers/Getty Images

    2024 жылдың жазында Германияда өтетін Еуропа чемпионатында жаңа ереже қолданылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің айтуы бойынша, Германияда өтетін футболдан Еуропа чемпионатында жаңа ереже енгізіледі. Енді ойын кезінде тек командалардың капитандары ғана төрешілермен сөйлесе алады. Егер басқа футболшылар қазының шешіміне келіспейтінін көрсетіп, оған қысым көрсетсе бірден сары қағаз алып қалады.

    "Құрамалардан талап ететініміз – тек команда капитаны ғана төрешімен сөйлессін. Бұл ойынның бас қазысы жылдам түрде дұрыс шешім шығаруы үшін маңызды. Капитандар ойыншыларын қадағаласа екен", - деді УЕФА директоры Роберто Розетти.

    Айта кетейік, Еуро-2024 додасы осы жазда Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Аталмыш жарыстың алғашқы матчында Германия мен Шотландия құрамалары күш сынасады.

    Еуро-2024 футбол додасында жаңа ереже енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.