jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Нұралы Әліппен соқтығысқан қақпашы ауруханаға түсті (видео)

    Нұралы Әліп
    Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

    Санкт-Петербургтың "Зенит" командасында ойнайтын қазақстандық футболшы Нұралы Әліп ЦСКА ұжымының қақпашыcы Владислав Тороппен соқтығысып қалды. Қақпашы жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Кеше, 15 мамырда футболдан Ресей кубогының финалында Санкт-Петербургтың "Зенит" командасы мен Мәскеудің ЦСКА ұжымы кездесті. Матчтың негізгі уақыты тең аяқталғанымен, пенальти сериясында "Зенит" басым түсіп, суперфиналға өтті.

    Ойынның 36-минутында "Зенит" футболшысы Нұралы Әліп ЦСКА командасының қақпашысы Владислав Тороппен соқтығысып қалды. Қақпашы жарақат алып, оны дәрігерлер электрокармен алаңнан алып кетті.

    "Владислав Торопқа бет сүйегі бірнеше жерден сынған деген диагноз қойылды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауымен ауруханада жатыр. Енді оны арнайы көлікпен Мәскеуге апаруы мүмкін. Содан кейін ары қарай қалай емделетіні анықталады", - делінген ЦСКА командасының ресми сайтында.

    Осы жағдайдан кейін Нұралы Әліп Instagram парақшасында жазба жариялап, кешірім сұрады.

    "Бүгінгі ойында жағымсыз эпизод болды. Владислав Тороптан кешірім сұрап, оған шын жүректен амандық тілегім келеді. Мен допты алуға бара жаттым және оған зиян тигізгім келмеді. Өкінемін және осы жағдай үшін қатты алаңдаймын. Владислав, тез сауығып, алаңға ораласың деп үміттенемін", - деп жазды Нұралы.

    Нұралы Әліптің Instagram Stories-і
    Нұралы Әліптің Instagram Stories-і. Фото: instagram.com/nurik028

    Айта кетейік, "Зенит" командасы 2 маусымда Ресей кубогының суперфиналында Калининградтың "Балтика" ұжымына қарсы ойнайды.

    Нұралы Әліппен соқтығысқан қақпашы ауруханаға түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.