jitsu gif
Спорт

    Криштиану Роналду үздік сұрмерген ретінде "Алтын бутсы" иеленді

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: x.com/AlNassrFC_EN

    "Әл-Наср" футбол клубы мен Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының үздік сұрмергені ретінде "Алтын бутсыға" ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Әл-Насрдың" X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Роналду 2023/24 жылғы маусымда 35 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ гол саны бойынша Сауд Арабия чемпионатында рекорд орнатып, төрт түрлі елдің жоғарғы лигасында үздік сұрмерген атанған тарихтағы алғашқы футболшы болды.

    "Мен төрт елдегі алғашқы үздік cұрмерген ретінде тарихқа енгенімді мақтан тұтамын. Осы жолда маған көмектескен барлық клубтарға, командаластарыма және қызметкерлерге үлкен рақмет!", - деп жазды Роналду Instagram желісіндегі парақшасында.

    39 жастағы футболшы "Әл-Наср" сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Оның командасы осы маусымда Сауд Арабиясы чемпионатын екінші орынмен аяқтады. Бұл турнирде "Әл-Хиляль" футбол клубы 94 ұпаймен көш бастап, жеңімпаз атанды.

    Криштиану Роналду үздік сұрмерген ретінде "Алтын бутсы" иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.